САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ШАРТ.

Санаторий Ақжайық ауылы

    ТОО “NURBERGEN Health Resort”,бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, бір жағынан Жарғы негізінде әрекет ететін Баемирова Аина Нұрбергенқызы  тұлғасында және ___________________ ______________________________________________ ,  ИИН:__________________________________  бұдан әрі «Демалушы» деп аталатын екінші жағынан, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орындаушы Демалушыға тұру, тамақтану, медициналық және сауықтыру ем-шараларын қамтитын санаторлық-курорттық және қонақ үй қызметтерін көрсетуге міндеттенеді, ал Демалушы  көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

1.2. Қызметтер Орындаушының санаторлық-курорттық кешенінде көрсетіледі, мекенжайы: БҚО, Теректі ауданы, Санаторий Ақжайық  ауылы, Майданов көшесі, 10.

1.3. Қызмет көрсету мерзімі: «____» ______ 2025 ж. бастап «____» ______ 2025 ж. дейін.

Тіркеу және құжаттар:

  • Демалушыға орналасу кезінде жеке басын куәландыратын құжат (паспорт және/немесе жеке куәлік) ұсыну қажет.
  • Егер санаторлық-курорттық карта қажет болса, оны алдын ала дайындау керек (учаскелік дәрігердің ұсынымдарын қамтиды).
  1. БАҒАСЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

2.1. Демалушы санаторлық-курорттық емделу жолдамасының құнын қолданыстағы тарифтер бойынша келесідей тәртіппен төлейді:

— жолдаманың толық құнының 50% алдын ала төлемі – Орындаушы кассасына қолма-қол ақшамен немесе банк қосымшалары арқылы Орындаушының есепшотына, Шипажай ұсынған төлем шоты негізінде, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

— жолдаманың қалған 50% құны – Шипажайға  келгенде, бөлмеге орналасқанға дейін төленеді. Егер жолдама басқа адам үшін төленетін болса, Тапсырыс беруші төлем құжаттарында кім екенін көрсетуі керек.

2.2. Қажет болған жағдайда талдаулар үшін төлем Демалушы тарапынан бөлек төленіп, Орындаушының кассасына енгізіледі.

2.3. Қызметтен бас тарту немесе Демалушының мерзімінен бұрын кетуі жағдайында пайдаланылмаған қызмет құны Демалушының жазбаша түрде өтініш жазып, барлық деректерді толтырып, растайтын құжаттардың көшірмесін қоса ұсынғаннан кейін 3 (үш) банк жұмыс  күнінің ішінде қайтарылады.

Қаражат төмендегі жағдайларда айыппұлдарды шегеру арқылы қайтарылады:

1) Егер бас тарту жолдама басталардан 10 күн бұрын немесе ертерек жасалса – төленген бронь құнының 5% ұсталады;

2) Егер бас тарту жолдама басталардан 10 күннен аз уақыт қалғанда жасалса – төленген соманың 20% ұсталады. Форс-мажор жағдайлар (жақын адамның қайтыс болуы, ауру, т.б.) болған жағдайда растайтын құжаттар ұсынылса, тек 5% ғана ұсталады;

3) Егер Демалушы мерзімінен бұрын кетсе және пайдаланылмаған күндер саны 1-ден 3 күнге дейін болса, сонымен қатар қысқа мерзімді демалыс пен «Релакс» демалыс пакеттері қайтарылмайды;

4) Дәрігерлік тексеріс кезінде анықталған қарсы көрсетілімдер жағдайында – қайтарылатын соманың 5% ұсталады;

5) Шипажай ережелерін бұзу жағдайларында (ішімдік ішу, жабық бөлмелерде темекі шегу, қызметкерлер мен қонақтарға құрметсіздік, мүлікке ұқыпсыз қарау, ұрлық, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) – Демалушы мерзімінен бұрын шығарылады және пайдаланылмаған күндер үшін қаражат қайтарылмайды

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Орындаушының міндеттері:

  • Шипажай ережелерімен таныстыру;
  • Емдеуші дәрігер бекіткен бағдарламаға сәйкес медициналық кеңестер, ем-шаралар мен емдеу қызметтерін ұсыну;
  • Қонақтарға өткізілетін шаралар мен жаттығулар туралы ақпарат беру.

 

Демалушының міндеттері:

Ем-шаралар  тек шипажай  дәрігерінің тағайындауы бойынша жүргізіледі.Қан қысымы (гипертония, гипотония), варикоз, созылмалы аурулар сияқты қарсы көрсетілімдер болған жағдайда кейбір ем-шаралар демалушының қалауы бойынша емес, тек медициналық негізде ғана тағайындалады;

  • Ем-шараларға белгіленген уақытты қатаң сақтау ұсынылады;
  • Өткізіліп алған ем-шаралар қайта тағайындалмайды;
  • Денсаулық жағдайындағы кез келген өзгеріс туралы медициналық қызметкерлерге дереу хабарлау қажет.

 

  1. ШИПАЖАЙ АУМАҒЫНДАҒЫ ТӘРТІП
  • Темекі шегу тек арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі;
  • Демалыс уақыты кезінде тыныштық сақтау міндетті, мас күйде жүруге тыйым салынады;
  • Шипажай қызметкерлеріне және басқа демалушыларға құрметпен қарау қажет;
  • Шипажай мүлкіне ұқыпты қарау қажет. Егер мүлікке зиян келтірілсе, Демалушы материалдық жауапкершілікке тартылады;
  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін және электр құралдарын пайдалану тәртібін сақтау міндетті.

 

  1. ЖЕКЕ ЗАТТАР
  • Әкімшілік қараусыз қалған құнды заттар үшін жауапкершілік алмайды;
  • Бөлмеде тәртіп пен тазалықты сақтау ұсынылады.

 

  1. ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТАРҒА КІРУ
  • Бассейн, спортзал және саунада қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет;
  • Арнайы киім мен аяқ киімді кию міндетті (шомылу киімі, халат, бассейнге арналған бас киім, тәпішке, балаларға – памперс және т.б.);
  • Белгілі бір аймақтарды пайдалану уақыты шипажай ережелерімен немесе курорттық картада көрсетілуі мүмкін.

 

  1. БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ ТҰРУ
  • Егер демалушы баламен келсе, баланың қауіпсіздігіне және оның мінез-құлқына толық жауапкершілік демалушыға жүктеледі;
  • Балаларға арнайы бағдарламалар мен ойын алаңдары қарастырылуы мүмкін.

 

ЕРЕЖЕЛЕРМЕН КЕЛІСУ

Мен, _____________________________________________________ (Т.А.Ә.), шипажайдағы ішкі тәртіп ережелерімен, тұру шарттарымен және медициналық қызмет көрсету талаптарымен толық танысып, келісемін. Демалыс мерзімі бойы көрсетілген ережелерді сақтауға міндеттенемін.

 

 

Қолы: ____________                 «NURBERGEN Health Resort» ЖШС

 

 

 

Күні: ____________                     Қолы: ____________