ЖШС “NURBERGEN Health Resort” демалушыларына арналған ережелер

  1. Шипажайға қазыргі уақытта стационарлы емді қажет ететін инфекциялық, психикалық, венерологиялық ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер, алкоголизм ауруымен жіберілмейді.
  2. Шипажайға біреудің немесе қосымша көмекті қажет ететін адамдар жіберілмейді. Егер шипажайда болуы тыйым салынған адамдарболса емдеуге қабылданбайды. бұл сұрақтармен шипажай дәрігерлері айналысады.
  3. Балалар 1-14 жас аралығында қабылданады, 14 жастан жоғары жолдаманың толық бағасын төлегеннен кейін ғана қабылдайды.
  4. 2 орындық бөлмеде үшінші, яғни 5-тен 10 жасқа дейінгі бала болған жағдайда орын мен емдеу берілмей тек тамақтандыру қамтылады.
  5. Шипажайда орналасу уақытын созу мүмкіндігі тек қызметкерлер рұқсатымен жүзеге асырылады, яғни бос орын мен төленетін ақы болған жағдайда.
  6. Емге қабылдау жолдама арқылы жүзеге асырылады (санитарлы-курорттық карта 2 айдан аспаған болса), немесе поликлиникадан алып келінген амбулаториялық карта болған жағдайда. Демалушы шипажаға келген кезде жеке куәлік немесе паспорт көрсетуі тиіс. т.
  7. Жолдама оферта болып есептеледі, яғни оны сатып алған кезде ережелермен келіседі дегенді білдіреді. шипажайға орналасқан кезде демалушы шипажайда орналасу Ережелерімен таныстым деп қол қояды.
  8. Егер жолдаманы ұйым алған болса тек есімі аталған адам ғана демала алады. Ұйым мен шипажай келісілген график бойынша демалушы келгеннен кейін басшының қолы қойылады және екі жақты Тапсырыс беруші мн Орындаушы мөрі қойылады. шипажайға тек графикте көрсетілген адамдар ғана демала алады.
  9. Егер жолдама күнінен бұрын келсе, демалушы ем алуға жіберілмейді.
  10. Жолдамада көрсетілген күндер екі не одан да көп адамға бөлінбейді.
  11. Жолдама — атаулы құжат болып табылады. Жолдаманы алған адам оны басқа адамға беруге немесе сатуға құқығы жоқ.
  12. Жолдаманы алған адам келу уақытына сәйкес шипажаға келіп орналасуы тиіс. ерте келген демалушы емдеуге жіберілмейді. кешігу күндері қайта қалына келтірілмйді, ақшасы қайтарылмайды.
  13. келу уақытына кепіл берілмейді, дегенмен қызметкерлермен жазба түрінде келісуге болады, мерзімі келу уақытына 20 күнге дейін.
  14. Жолдаманы 10 немесе одан да көп күн бұрын қайтарған кезде жолдама құнының 5% ұсталып қалады, 10 күннен төмен болса шығыс жолдама құнының 20% қамтиды.
  15. Егер күнінен бұрын жолдаманы қолма-қол ақшамен алған демалушы қайтарса, қалған күндер ақысының 20% ұсталады.
  16. Шипажай Администрациясы қажетті жағдайда демалушыны сондай ақыдағы басқа бөлмеге ауыстыра алады.
  17. Бөлмеге орналасқан кезде демалушы тарапынан көршінің жасы, мінезі, ұлтына қатысты, бөлме орналасуы(күн көзінде немесе көлеңкеде), сондай-ақ қабатқа байланысты наразылығы қабылданбайды.
  18. Демалушы администрация рұқсатынсыз, өздігінен бөлме ауыстыра алмайды. егер өздігінен ауысқан жағдайда, жолдама құны бойынша қалған күндердің 20% ақысы ұсталып, осы Ереженің 15 пунктіне сәйкес шығарылып жіберіледі.
  19. Процедура мен тамақтандыру бөлмеде өткізілмейді.
  20. Осы бөлмеде тұрмайтын басқа адамдар 23:00-ден кейін бөлмеге кіруге тыйым салынады.
  21. Демалушылар шипажай мүлкін қолдану ережелерін ұстану керек, бөлмелерде керует, тумба, үстелдер, теледидар және басқа да заттарды орнынан қозғауға тыйым салынады.
  22. Шипажайдың мүлкін бүлдіргені немесе жоғалғаны, шипажай аумағында жасыл желектерді бүлдіргені үшін келтірілген зиянның құнын демалушылар 3 есе мөлшерде қалпына келтіреді. Шипажай аумағын ластағаны үшін демалушылар осындай әрекеттермен келтірілген залалды өтеу үшін 1000 теңге тұрақсыздық айыбын төлейді.
  23. Зиян мөлшері санаторийдің бас бухгалтері, материалдық құндылықтардың сақталуына жауап беретін мамандар, экологиялық талаптардың сақталуына жауап беретін маман жасаған актімен белгіленеді. Актілер демалушы-бұзушының қатысуымен жасалады. Демалушы-бұзушы осы жағдай бойынша жазбаша түсініктеме беруге міндетті, бас тартқан жағдайда түсініктеме беруден бас тарту туралы тиісті акт жасалады.
  24. Тәулік ішінде залал сомасын, тұрақсыздық айыбын төлемеген жағдайда, шипажайда болу ережесін бұзуға байланысты, залалды, тұрақсыздық айыбын өтеу сомасын ұстап, сондай-ақ қалған демалыс күндері үшін жолдама құнының 20% — ын ұстап қалу арқылы демалушыны шығару осы Ереженің 15-тармағының талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
  25. Шипажайға жолдама беру және онда болу ережелері бұзылған адамдар келген жағдайда, бұл адам шипажайға қабылданбайды.
  26. 2. Материалдық құндылықтар жоғалған немесе бүлінген жағдайда «Ақжайық Шипажайы» ЖШС келтірілген шығын құны демалушыларға үш есе мөлшерде қалпына келтіріледі.
  27. Шипажай-курорттық режимді бұзғаны үшін жолдама иесі қалған күндер үшін ақша қайтарусыз шығарылады.
  28. Шипажай режимнің бұзылуына жатады:

1) шипажай бөлмелерінде спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын пайдалану, шипажайда алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болу, бөлмелерде темекі шегу;

2) 23:00 сағаттан кейін тыныштықты бұзу;

3) рәсімдерді қабылдау ережелерін бұзу;

4) шипажайдың мүлкін бүлдіру немесе жоғалту, жасыл желектерді бүлдіру және шипажай аумағының ластануы;

5) нөмірде бөгде адамдардың (осы нөмірде тұрмайтын) сағат 23-00-ден кейін болуы;

6) Осы болу ережелері мен шипажайдың режим талаптарының басқа да бұзушылықтары.

29. Жолдаманың мерзімі аяқталғаннан кейін шипажайдың персоналы демалушының қатысуымен нөмірде санаторий мүлкінің: жиһаздың, төсек және дәретхана керек-жарақтарының, басқа да мүліктің болуын және сақталуын, тұрмыстық электр техникасының жай-күйін тексереді, одан кейін демалушы нөмірден шығарылады.

Scroll to Top